Тегін, тіркелусіз

Балаңыздың ағылшын тілі қандай деңгейде?

Компьютер алдында бірге бес-жеті минут отырасыз — сонда баланың деңгейін болжамай, нақты білесіз. Тапсырмалар қысқа, ұзақ мәтін оқудың қажеті жоқ.

Балаңыз 12 жастан үлкен бе? Ересектерге арналған деңгей тесті →

Мальчик в наушниках проходит тест на уровень английского за ноутбуком
10–15 тапсырма 5–7 мин орта есеппен 0 ₸ поштасыз-ақ
  1. 1Алғашқы сөздер
  2. 2Қарапайым тіркестер
  3. 3Енді еркін

Әр сатыда бес тапсырма. Орындаса — жоғары өтеміз, қиындаса — тест өзі тоқтайды. Бала әлі ерте тапсырмалармен әуре болмайды.

Ата-аналарға

Экранда не болады

10–15 тапсырма

Нақты қанша болатыны жауаптарға байланысты: қиын бола бастағанда тест өзі тоқтайды.

Бір тапсырма — бір жол

Абзац та, мәтін оқу да жоқ — тек сөздер, қысқа тіркестер және бос орындар.

Таймерсіз

Жауап беруге уақыт шектелмейді: бала қанша керек болса, сонша ойланады.

Қасында отыруға болады

Алты жасар балаға тапсырманы оқуға көмектесіңіз. Тек жауабын айтып бермеңіз: әйтпесе топ дұрыс таңдалмай қалады.

Шкала

Деңгейлер нені білдіреді

Бұл — CEFR шкаласы: бүкіл әлемде деңгейлер осы бойынша есептеледі. JUST SPEAK IT топтары да осы шкала бойынша жасақталған.

Бала жеке сөздерді және, бәлкім, бірнеше әнді біледі. Ағылшын тілі әзірге жаңалық — ал бұл бастауға ең қолайлы сәт: бұл жаста тілді құлақпен қағып алады.

Шынын айтсақ

Тест не істей алмайды

Тест сөздер мен грамматиканы көреді — тінтуірмен таңдауға болатын нәрсені ғана. Ол баланың қалай сөйлейтінін естімейді, сөзді тыңдап түсіне ме, жоқ па — оны да білмейді. Ал бала үшін ең бастысы — дәл осы.

Сондықтан деңгейді сынақ сабағында оқытушы нақтылайды: онда баланың сөздерді қалай айтатыны да, жанды сөзге қалай жауап беретіні де көрінеді. Тест — диагноз емес, жылдам бағдар.

Сынақ сабағына жазылу Сынақ сабағы — топта 2 000 ₸
13 жас және одан үлкен

Бала үлкенірек болса

13 жастан бастап бізде жасөспірімдерге арналған бөлек топтар бар — онда тақырыптар да, формат та басқа, қасында құрдастары. Тест те басқа, ересектерге арналған: ол ұзағырақ әрі дәлірек.

Сұрақтар

Тест туралы сұрақтар

Иә. Тіркелусіз, поштасыз және телефонсыз — нәтиже бірден экранда шығады.

Нәтижеге қарай топ таңдап береміз

WhatsApp-қа жазыңыз — балаңызды қай топқа алатынымызды және ол қашан оқитынын айтамыз.

WhatsApp-қа жазу Алдымен балаларға арналған курсты көру
WhatsApp-қа жазу